Факты истории

Тоқаев Тәжікстанға ресми сапармен барады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 19-20 мамырда Тәжікстанға ресми сапармен барады, деп Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уқали хабарлады.

«Ағымдағы жылдың 19-20 мамырында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына ресми сапармен барады. Сапар барысында екі мемлекет басшыларының шағын және кеңейтілген форматтағы кездесулері жоспарланған», — деді Уәли сейсенбі күні.

Ол келіссөздердің күн тәртібіне саяси диалогты одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды арттыруға баса назар аудара отырып, қазақ-тәжік стратегиялық әріптестігін дамыту мәселелері енгізілгенін атап өтті.

«Өңірлік кооперацияны жандандыруға, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады», — деп толықтырды Уәли.

Ещё в ленте

Все новости