Факты истории

  Қазақстанда үш жүз мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

 

Қазақстанда 11 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның алғашқы дозасын 313 611 адам алды, деп хабарлады Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ, вакцинаның екінші дозасын елдің 104 889 тұрғыны алды.

Екпе алғандардың ең көп саны Алматыда байқалды (69 690 адам бірінші дозаны, 14 328 адам екінші дозаны алды).
Одан кейін Түркістан облысы — мұнда 28 897 егілді, тиісінше 11 569 адам. Содан кейін өңір рейтингісінде Нұр-Сұлтан қаласы — 28 341 және 8 606 адам егілді.

Вакцина алғандардың ең аз саны Маңғыстау облысында — 6 691 және 1 072 адам.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирусқа қарсы вакциналау Қазақстанда 1 ақпанда басталды. Бірінші кезеңде медицина қызметкерлері, екінші кезеңде педагогтар мен күш құрылымдарының қызметкерлері екпе алды. Сәуірден бастап вакциналау халық үшін қол жетімді болды.

Ещё в ленте

Все новости