Факты истории

Денсаулық сақтау вице-министрлері коронавирустық вакцинаның екінші дозасын алды (бейне)

Денсаулық сақтау Вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов, Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният «Спутник V»коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның екінші дозасын алды.

Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиният Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емхана базасында вакцинацияланды.

Естеріңізге сала кетейік, 1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың бірінші кезеңі басталды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы атынан Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният 1 ақпанда вакцинаның бірінші дозасын алды.

Жақында Нұр-сұлтан әкімдігінде коронавирусқа қарсы вакцинацияның екінші кезеңі 22 ақпанда басталатынын хабарлады.

 

https://youtu.be/eG8L6-WcPpY

Сурет: inform.kz

Ещё в ленте

Все новости